Алматы тұрғындарына ауа сапасының нашарлайтыны туралы тағы да ескерту жасалды

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің болжамынша, 2025 жылғы 7 маусымда Өскемен мен Алматыда, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауа сапасының нашарлауына себеп болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

АНЫҚТАМА

Мұндай жағдайлар кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.