Шымкентте мүгедектігі бар такси жүргізушісін соққыға жыққан екі ер адам сотталды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Шымкентте такси жүргізушісіне жасаған екі ер адам сотталды. Жәбірленуші есту және сөйлеу қабілеті бойынша мүгедек болып шықты. Оқиға "Көктем" базарының маңында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

 МӘН-ЖАЙ

Тергеу деректеріне сүйенсек, екі ер адам таксиге отырған, жеткен соң жүргізушіге шабуыл жасап, соққыға жыққан және жалпы құны 180 мың теңгеден асатын екі ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Олар оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ кейін ұсталды.

СОТ ҮКІМІ

Сот Жасұлан Бәкіровті ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтары бойынша кінәлі деп таныды. Ол 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы, Мақсат Тасболатов 3 жылға сотталды.

Екеуі де бұрын: Бәкіров – 2019 жылы қарақшылық үшін, Тасболатов – 2024 жылы ұрлық үшін сотталған.

Сотта айыпталушылар кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеген. Алайда соған қарамастан, олар жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді.