Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Алматының Бостандық ауданында үлкен Алматы шатқалында рейдтік іс-шаралар кезінде мотоциклмен жүрген жасөспірімнің 10 метрлік жыраға құлағанын анықтады.
Құтқарушылар жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жасөспірімді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ таулы аймақта қауіпсіздік шараларын сақтауды және қорғаныс құралдарын қолдануды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш жасөспірім тауда адасып қалғанын хабарлаған едік.