Каспий теңізінің тайыздануын тоқтату мүмкін бе - ғалым пікірі

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі – бұл табиғи құбылыс. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Ширшов атындағы океанология институтының директоры міндетін атқарушы Владимир Шевченко мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Каспий теңізінің тайыздануы жаһандық және өңірлік климаттың өзгеруіне байланысты табиғи құбылыс. Сондықтан бұл үдерісті тоқтату өте қиын. Ғалымдардың болжауынша, алдағы кемінде 25–50 жыл ішінде теңіз деңгейінің төмендеуі жалғасады.

– Су деңгейінің төмендеуіне тосқауыл қою қиын. Бұл – теңіз бетінен буланудың күрт артуына әкелген жаһандық және аймақтық климат өзгерістерімен тығыз байланысты табиғи құбылыс. Тіпті теңіз деңгейінің аздап төмендеуінің өзін бәсеңдету – оңай шаруа емес. Иә, соңғы жылдары Волганың ағыны шынымен азайып жатыр, бірақ оны Каспийдің тайыздануына негізгі себепкер деуге келмейді. Мұның кері мысалы – Арал теңізі. Аралды адам баласы құртып жіберді деуге болады, дегенмен мұнда да климаттық факторлар – өзендер су жинайтын аймақта жауын-шашынның азаюы мен буланудың артуы рөл атқарды. Соған қарамастан, кіші Арал (солтүстік) мен үлкен Аралдың (оңтүстік) арасына бөгет салу арқылы бұл су айдынын ішінара сақтап қалу мүмкін болды, – дейді ғалымның сөзін келтіреді РИА Новости.

“АРАЛДЫҢ КҮЙІН КЕШЕДІ”

Бұған дейін сарапшылар Каспий Аралдың қайғылы тағдырын қайталауы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, эколог сарапшылар Каспийдің тартылуы Қазақстанға ауыр соққы болатынын айтып, дабыл қаққан еді.