Экс-министр Жақсылықовтың көмекшісі қамауға алу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сырым Қаржас
ТАСС

Руслан Жақсылықовтың жеке көмекшісі Әшім Күзебеков Ulysmedia тілшісімен сөйлесу барысында бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды.

МӘН-ЖАЙ

Подполковник Күзебековтің айтуынша, өзі тәулік бойы бірге жүретін Жақсылықовтың жағдайы «жақсы». Бұрынғы министрдің отставкасына не себеп болғаны туралы сұраққа ол:

— Біз әрдайым мемлекет игілігі үшін жұмыс істедік, — деп жауап берді.