Павлодарда бір жасар сәби екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауруханаға жеткізілді, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Оқиға 12 маусым күні Павлодарда болды. Павлодар облысындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкеневаның айтуынша, бір жасар сәби екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Бала жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?
Дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы тұрақты. Денесінен сырылған жаралар мен көгерулер анықталған. Қазір басты мәселе – ауырсыну синдромы, алайда өміріне тікелей қауіп жоқ.
Сәуір айынан бері Павлодар облысында балалардың терезеден құлауына байланысты жеті оқиға тіркелген. Өкінішке қарай, олардың екеуі қайғылы жағдаймен аяқталған. Осыған байланысты балалар құқығы жөніндегі уәкілдер мен дәрігерлер ата-аналарға тағы да үндеу жасап, ашық терезелердің қасында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйел 4 жастағы ұлымен бірге терезеден құлап кеткен еді.