Бүлік кезінде ұсталғандардың көбі қарапайым адамдар - Әзімова

Ulysmedia

ОКҚ алаңында баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Өкінішке қарай, біз уақытша қамау изоляторына барған кезде азаматтармен сұхбаттасқанда олар бізге біршама жайын айтты. Олар "біз азаматтық жауапкершілігімізді аяғына дейін сезбедік, біз Қазақстан халқынан кешірім сұрауға дайынбыз" деді. Мысалы Алматыда тергеу және уақытша оқшаулағышқа барған кезде азаматтардың көбі қарапайым адам екенін білдік. Көбісі ұрлық үшін ұсталған. Сондықтан оларға нақты назар аудару керек», - деді ол.

Әзімова бұл ретте бас прокуратура мен жергілікті өкілдері оларды әділетті түрде тергеуі керектігін мәлім етті.