Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі мұнай өнімдері нарығында тұрақсыздыққа туғызуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұнай өндіру саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Иран мен Израиль бір-бірін атқылап жатқанда мұнай өнімдері нарығында тұрақсыздық орын алуы мүмкін екенін айтты.
Мұнай өңдеу нысандарына жасалған соққылар өңірде мұнай өнімдерінің жергілікті тапшылығын туғызады. Бұл өз кезегінде "көлеңкелі" экспорт тәуекелін арттырады. Сарапшының пікірінше, Қазақстанға отын экспортына тыйым салуды қайта енгізу қажет.
Сонымен қатар, Ирандағы ықтимал режим ауысуы елімізге белгілі бір пайда әкелуі мүмкін.
Иранда режим ауысуы ықтимал, бұл Қазақстан үшін тиімді болуы мүмкін. Иран 40 жылдан астам уақыт бойы түрлі санкциялар жағдайында өмір сүріп келеді. Осы себепті біз мұнайды Парсы шығанағы бағытына тасымалдамаймыз. Бұрын бізде жылына шамамен 2 миллион тонна көлемінде своптық жеткізілімдер болған, бірақ санкциялардың күшеюіне байланысты олар тоқтап қалды. Қалай айтсақ та, Иран мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа келуі Қазақстанға пайдалы болуы мүмкін. Әрине, мұндай мөлшерді Каспий Құбыр Консорциумымен (КҚК) салыстыруға келмейді, бірақ әлемдік нарықтарға қосымша жеткізу арнасы қайта іске қосылуы мүмкін», – дейді Олжас Байділдинов.
Израиль мен Иран арасындағы өзара соққылар 13 маусымға қараған түні басталды. Сол кезде Израиль "Халық арыстандай" атты әскери операцияны бастап, алғашқы шабуылдарын Иранның ядролық нысандарына бағыттады. Бұған жауап ретінде Тегеран жүздеген зымыран ұшырды, кейін Израиль авиациясы Иран аумағындағы нысандарға шабуыл жасауды жалғастырды.