Қазақстаннан диверсанттар келді: Орынбор билігі не деп жауап берді

Сырым Қаржас
gov.ru

Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Орынбор облысында "қазақстандық диверсанттар ұсталды" деген ақпаратқа қатысты жергілікті билік түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Орынбор облысында, яғни Қазақстанмен шекара маңында, бір топ диверсанттың ұсталғаны жөнінде хабарламалар тараған. Алайда жергілікті БАҚ атап өткендей, бұл ақпарат авторлары нақты дерек келтірмей, белгісіз таныстарына сілтеме жасаған.

РЕСМИ МӘЛІМЕТ

Орынбор облысы үкіметі бұл ақпаратты жалған деп атады. Аймақтың ішкі саясат жөніндегі вице-губернаторының міндетін атқарушы Юрий Мироненко "Қазақстаннан келген диверсанттар" туралы жаңалықтар аясында тұрғындарды тексерілмеген мәліметке сенбеуге, ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 19 маусым күні Орынбор облысында әуе шабуылы туралы дабыл жарияланған болатын. Жергілікті халыққа ұшқышсыз аппараттар арқылы шабуыл жасалуы мүмкін екені ескертілген.