Ресей Қазақстанға Украина қолданатын британдық дрон құлады деп мәлімдеді

Сырым Қаржас
Фото: Lada.kz

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстан аумағына Украина Қарулы күштері қолданатын британдық дрон құлаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атап айтқанда, Life.ru басылымы бұл Banshee Jet 80 атты британдық ұшқышсыз аппарат екенін жазады. Ол материалда дронды «украиналық әскерилер қолданады» деп көрсетілген.

ДРОН

19 маусым күні күндіз Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Болашақ шекаралық теміржол станциясы маңынан ұшатын аппарат табылды. Ашық дереккөздерге сүйенсек, табылған нысан – ұшқышсыз басқарылатын аппарат (дрон).

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үш дрон құлаған болатын.