Қазақстанда жылдамдықты асырудың жаңа түрі – орташа жылдамдықты асыру үшін айыппұл заңмен бекітілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Егер жүргізуші рұқсат етілген жылдамдықтан сағатына 60 шақырым және одан да көп асырып жүргізсе, оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады – бұл шамамен 157 мың теңге. ҚР Ішкі істер министрлігі осындай құқық бұзушылықтарды бақылау жүйесі қазірдің өзінде қала маңындағы жолдарға енгізілгенін мәлімдеді. Digital Business мәліметінше,, полицейлер мұндай 15 мыңға жуық жағдайды тіркеген.
Ведомство өкілдері қарсы бағытқа шығу деректеріне де тоқталды.
– Қарсы бағытқа шығу үшін 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. Ал егер бұл әрекет жол-көлік оқиғасына әкелсе, онда жүргізушіге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе жүргізуші құқығынан 6 айға айырылады. Енді жазаны қатаңдату аясында, егер қарсы бағытқа шығу жол апатына себеп болса, жүргізуші 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.