Атырау халықаралық әуежайын нөсер жаңбырдан кейін су басты

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Атырау әуежайының ғимаратының жаңбырдан кейін төбесі опырылып түсіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Atyrau online-ға сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден әуежай төбесінен су ағып тұрғанын көруге болады. Еденге шелектер қойылған.

– Атыраудағы қатты нөсер инфрақұрылым мәселелерін тағы да анық көрсетті: халықаралық әуежай ғимаратында төбе панельдері құлай бастады. Су ішке ағып жатыр, төбеден тамшылаған суды жинау үшін еденге шелектер қойылған, – деп жазды Atyrau online.

Ulysmedia тілшісі жағдайдың мән-жайын анықтау үшін әуежай әкімшілігіне ресми сауал жолдады.