Қазақтардың Кореяда ресми жұмыс істеуі: шешім шықты ма

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Корея қазақтардың елде ресми жұмыс істеуіне қатысты әлі шешім шығармаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты. 

- Қазіргі уақытта, менің білуімше, Қазақстан мен Корея келісімі қарастырылып жатыр. Корея әлі күнге дейін қарастырып жатыр, дейді Виктория Шегай. 

БЫЛТЫРҒЫ АҚПАРАТ

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев былтыр Қазақстан азаматтары заңды түрде Оңтүстік Кореяға барып, үш жыл жұмыс істей алатынын айтқан еді. Ертаевтың айтуынша, Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесі енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осы айдан бастап қазақстандықтарды аталған елге жіберуге арналған Сапар орталығын ашу жұмыстары басталған. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корей тілінің тестілеуі, біліктілігін арттыру. Осы Сапар орталығы арқылы Қазақстан азаматтары үш жылға дейін жұмыс істейді.