Үкімет салық реформасындағы кемшіліктерді мойындай бастады – саясаттанушы

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстанда салық заңнамасындағы тұрақтылықтың жоқтығына тоқталып, қазіргі талқыланып жатқан салық кодексіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі ұсынылып отырған салық кодексі — ел тарихындағы бесінші нұсқа. Алайда соған қарамастан, үкімет оған келесі жылдың жазында өзгерістер енгізуді алдын ала жоспарлап қойған.

- Әрине, салық заңнамасының тұрақты болғаны жақсы еді. Бірақ қазіргі салық реформасы сәтсіз әзірленген сияқты, сондықтан оның болашақта қайта қаралатыны – орынды шешім. Бұл жолы өзгерістер енгізуге тура келетінін мойындау керек, – дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, мәжіліс пен сенат талқылау барысында реформаның экономика мен әлеуметтік салаға теріс әсерін азайтуға тырысқанын жасырмады.

- Парламенттің екі палатасы да бұл жобаны талқылау кезінде фискалдық өзгерістердің кері әсерін жұмсартуға күш салғандарын ашық айтты, – деп қосты Әшімбаев.

БҰҒАН ДЕЙІН

23 маусымда сенат депутаттары кодекс жобасын мәжіліске қайтарды.

КӘСІПКЕРЛЕР

Сонымен қатар, кәсіпкерлер жаңа салық кодексіне маңызды өзгеріс енгізуді сұраған болатын.