Қазақстанда Қытайдан келген туристер саны күрт өсті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

2024 жылы Қазақстанға Қытайдан келген туристер саны 655 мың адамға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим енгізілгеннен кейін, биыл әуе қатынасы 60%-ға артты. Соның нәтижесінде Қытайдан келетін туристер ағыны бірнеше есеге көбейді. Өткен жылмен салыстырғанда туристер саны 78%-ға өсіп, 655 мың адамға жеткен. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 40%-ға өсті. Сонымен қатар, ҚХР-дан келетін туристер ағынын одан әрі арттыра алатын келешегі зор бағыттар да бар.

– Қытайдан келетін туристерді төрт негізгі топқа бөлуге болады. Оның ішінде іскерлік іс-шараларға қатысу үшін келетіндер де бар. Қазір дамытып жатқан жаңа бағыт – шекара маңы туризмі. Мысалы, бізбен шектесетін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына 250 миллион ішкі қытайлық турист барған. Сондықтан Қазақстанның шекаралық аймақтарына турлар ұйымдастыру жоспарда бар. Бұған қоса, Қытай азаматтары Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан сияқты ірі қалаларымызбен танысып жатыр, – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.