Қазақстанда кәсіпкерлердің барлық салығын бір ғана патентке ауыстыру ұсынылды

Аян Өрібай

Ақ жол партиясының төрағасы Азат Перуашев презилент Қасым-Жомарт Тоқаевтың олигархтар халыққа тапқанын бөлісуі керек деген бұйрығын сөзсіз қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол олигархиядан тазару – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Біздің елде жабайы капитализм мен монополия дәуірін аяқтайтын кез келді, өркениетті нарыққа көшу керек. Бірақ олигархтарды басқа жерден іздеп жүрсіздер, құрметті шенеуніктер. Қарапайым кәсіпкерлер бюджеттен ештеңе ұрлаған жоқ, яхталар мен жеке ұшақтарды теңізде жасырмайды.Мыңдаған кәсіпкерді қорқытып, барлық азаматтардың карталарынан тексергенше миллиардтарды ұрлағандармен күресу дұрысырақ болар ма еді?» - дейді депутат.

Оның айтуынша, жаппай кәсіпкерліктің қағаз жүзінде қалмай, шындыққа айналуы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолма-қол салық салудан бас тартып, ҚҚС шегін төмендету керек. Оны барлық жерде есептелген салықпен, яғни патентпен ауыстыру қажет. Сонда алық органдары кафе немесе шеберхана жылына қанша төлеу керек екенін анықтауға бас қатырмайды. Ал кәсіпкер мұндай патентті мемлекеттен сатып ала салар еді. Сонда бұл бизнеске басқа ешкім тиіспейді, оның чектерімен, есептерімен және айыппұлдарына алаңдамайды.

«Ол жерде біреу қосымша 5 немесе 500 теңге тапса да, бәрібір. Бірақ миллиондаған адам тыныш және бюрократиясыз өз кәсібін ашып, отбасын асырап, басқаларға жұмыс бере алар еді. Міне, кедейлікті азайтудың жолы осы. Осы шешімнің өзі – шағын және микро бизнестің патентке толық көшуі – әлі ешбір жұмыспен қамту бағдарламасы қамтамасыз етілмеген көптеген жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл бағдарламаларға миллиардтаған қаражат жұмсалды, оның айтарлықтай бөлігі жай ғана талан-таражға түскен», - дейді ол.