Синоптиктер Алматы мен Атырау тұрғындарын ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылғы 29 маусым күні синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы мен Атырауда ауа райы қолайсыз метеорологиялық жағдай туғызады.

АНЫҚТАМА

Мұндай жағдайлар кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.