Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 70 жастағы әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Lider.kz еріктілер ұйымының мәліметінше, 1954 жылы туған Галина Коновалова 24 маусым күні сағат 17:00 шамасында “Дружба” бау-бақша өндірістік кооперативі ауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған.
Хабарландыруда оның бағыт-бағдарды ажырата алмайтыны және есте сақтау қабілетінде проблемасы бары айтылған.
Жоғалған әйелдің денесі 28 маусымда табылды. Өлімнің себебі нақтыланбаған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 69 жастағы нефролог-дәрігер жоғалып кеткенін жазған едік.