Италиялық әйгілі тенор қазақ опера әншісімен бір сахнада дуэт орындады

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылғы 27–28 маусымда Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті.

Концерт «Andrea Bocelli Live in Concert» атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылды.

Андреа Бочеллидің концерттерінде дәстүрлі түрде әлемге әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Италиялық маэстро осы жолы Қазақстанның опера әншісі Әйгерім Алтынбекпен бір сахнаға шығып, дуэт орындады.

Айта кетейік, 25 маусымда Әйгерім Алтынбек Астанада әлемге танымал тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсеткен.