Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстардың қазіргі динамикасы мен әртүрлілігін ескере отырып, күн тәртібінде проблемалық мәселелердің мүлде болмауы таңғаларлық жағдай болар еді. Мұндай пікірді Абаев білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев “Аргументы и факты” басылымына берген сұхбатында қандай да бір тұлғалардың белгілі бір мемлекеттің шешімімен “персона нон грата” деп танылып, оның аумағына кіруіне тыйым салынуы - әлем бойынша кең таралған тәжірибе екенін айтты.
— Мұндай тізімдердің басым бөлігін сарапшылар, саясаткерлер немесе ғалымдар емес, көші-қон ережелерін бірнеше рет бұзған, өтелмеген соттылығы бар, салық және кедендік төлемдер бойынша берешегі бар адамдар құрайды. Шындық ойлағаннан әлдеқайда қарапайым. Бұл тақырып арқылы ақпараттық кеңістіктегі кез келген оқиғаның өз алдына жеке өмір сүре бастайтынын көруге болады. Тіпті бұл өмір шынайы оқиғаның өзінен де айқын әрі дабыралы болуы мүмкін. Өкінішке қарай, жеделдік пен хайп қуған кейбір айқайшыл тұлғалар екі елдің де жағында кәсібилік пен этиканы құрбан етуге дайын, — деп есептейді Абаев.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Deutsche Welle Қазақстанда елге кіруге тыйым салынған адамдардың “қара тізімі” бар екенін хабарлаған. Бұл тізімде Мемлекеттік дума депутаттары Петр Толстой, Евгений Федоров, Константин Затулин, Вячеслав Никонов, ТНТ директоры Тина Канделаки, тележүргізуші Тигран Кеосаян, философ Александр Дугин, Россотрудничество басшысы Евгений Примаков және саясаттанушы Никита Мендкович бар.