Ресей тәліптердің Ауғанстан Ислам Әмірлігі мемлекетін ресми түрде мойындады

Ulysmedia
Мәскеудегі Ауғанстан елшілігі. Фото: ТАСС

Мәскеу Ауғанстан ислам әмірлігін ресми түрде мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ауғанстан ислам әмірлігін мойындау туралы шешімді Ресей президенті Владимир Путин сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ұсынысы бойынша қабылдаған. «Бұл Мәскеудің диалог құруға деген ұмтылысын көрсетеді», - деді Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов.

Мәскеудің мойындауы және Талибан туы

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Ауғанстанда 2021 жылы билік басына келген Талибан қозғалысының туы Кабулдегі Ресей елшілігінде ілулі тұр.

Reuters аганттігінің хабарлауынша, Ресей Талибан билігін мемлекет ретінде мойындаған әлемдегі алғашқы ел.

2024 жылы желтоқсанда Ресейдің мемлекеттік думасы Талибанды террористік ұйымдар қатарынан шығаруға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған.  Оған Владимир Путин қол қойған.

17 сәуірде Ресей жоғары соты ел аумағында Талибан жұмысына тыйым салу шешімінің күшін жойды.

Ресей Талибан қозғалысын 2003 жылы террористік ұйым деп таныған. Сол жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі ұйымды террористік ұйымдар тізіміне енгізген.

Қазақстан және Талибан 

Қазақстан билігі де былтыр Талибан қозғалысын тыйым салынған террористік ұйымдар қатарынан шығарған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан «қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын және бұл режим ұзақ мерзімді фактор екенін ескере отырып, террористік тізімнен шығарды» деген. Қазақстанда Талибан қозғалысы 2005 жылдың наурызынан бастап террористік ұйымдар қатарында болған.