2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап АҚШ визасын алу қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
АҚШ билігі жаңа міндетті алым — Visa Integrity Fee енгізді. Бұл төлемнің мөлшері кемінде 250 доллар және енді АҚШ-тың барлық иммиграциялық емес визасына өтініш берушілер төлеуге тиіс.
Қазақстандықтар үшін бұл виза бағасының екі есеге жуық өсуі мүмкін деген сөз. Себебі, бұрынғы стандартты консулдық алымға енді осы қосымша төлем де қосылады, деп жазды inbusiness.kz.
— Енді АҚШ визасы 435 доллар (шамамен 225 мың теңге) тұрады. Бұрынғы консулдық алымға 250 доллар көлеміндегі Visa Integrity Fee қосылды, — деп түсіндірді виза саласының сарапшысы.
Бұл жаңа алым барлық иммиграциялық емес виза санаттарына міндетті болып есептеледі, соның ішінде: