Депутат Пономарев орыстілділерді қазақ тілін белсендірек үйренуге үндеді

Мейірман Лес

Сергей Пономарев қазақ тілін орыстілді халық арасында белсенді түрде үйрену қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұл қоғамның тұтастығын нығайтып, бірлікті сақтауға сеп болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәжіліс депутаты орыстілді азаматтарды мемлекеттік тілді үйренуге көбірек көңіл бөлуге үндеді. Ол қазақ тілін меңгеру — жеке даму мен қоғамдық келісімді күшейтудің маңызды жолы екенін атап өтті.

Депутат халықаралық ахуалға және сырттан ішкі жағдайға ықпал ету әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Осындай кезеңде қоғамның бірлігін сақтау, іріткі салатын арандатуларға жол бермеу аса маңызды екенін айтты.

Пономаревтың сөзінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту — саяси ғана емес, стратегиялық міндет. Оның түрлі салада белсенді қолданылуы ұлттық бірегейлікті нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашады.