Тағы бір дипломат лауазымды қызметке тағайындалды

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Алтай Әбибуллаев Rompetrol (KMG International) компаниясының GR-директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі бұрынғы елшісі Алтай Әбибуллаев халықаралық мұнай-газ компаниясы Rompetrol (KMG International) ұйымының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры (GR-директор) лауазымына тағайындалды.

Жаңа қызметінде ол компанияның бас директорының (CEO) тікелей қарамағына бағынады және компания өкілдігі бар елдердегі мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл стратегиясына жетекшілік етеді.

28 жылдық дипломатиялық қызмет барысында Әбибуллаев Қазақстанның мүддесін Польша, Хорватия, Босния және Герцеговина, Черногория елдерінде қорғады. Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ақпарат комитетін басқарған.

Алтай Әбибуллаев Варшава университетінің түлегі. Журналистика және саясаттану бойынша бакалавр, халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесіне ие.

KMG International компаниясы Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда жұмыс істейді. Негізгі бағыттары – мұнай өңдеу, трейдинг, мұнай-химия және дистрибуция. Компания Румынияда мұнай өңдеу зауытын және Қара теңіз маңы елдеріндегі жанармай құю станциялары желісін басқарады.

Алтай Әбибуллаев Венадағы елшілікте және халықаралық ұйымдар жанында жұмыс істеген, СЦК (Орталық коммуникациялар қызметі) мен Дінаралық диалогты дамыту орталығының құрылуына бастамашы болған, Ақпарат және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Астана әуежайының халықаралық NQZ (New Qazaqstan) кодының авторы.