Ресей Қазақстанмен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қысым көрсетіп жатыр

Сырым Қаржас
фото: pravdaurfo.ru

Ресей Федерациясының федералдық салық қызметі қашықтан жұмыс істейтін және Ресей аумағында тұратын азаматтарға қатысты Қазақстанда төленген салықты есепке алудан бас тартуда. Олардан жеке табыс салығын, өсімпұлдарды және түзетілген декларацияны талап етуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейде тұрып, Қазақстандағы компанияда қашықтан жұмыс істейтін Ресей Федерациясының салық резиденттерінен ФНС толық көлемде Ресей бюджетіне табыс салығын төлеуді талап етеді.

– Қазақстандық ұйымнан табыс алып, Ресей аумағында жұмыс істейтін РФ резидентінің табысы тек Ресейде салыққа тартылады, – дейді федералдық салық қызметі өкілдері.

ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ

Қаржылық шығынға ұшырамау үшін ресейлік сарапшылар келесі қадамдарды ұсынады:

  • РФ резиденті екенін растайтын сертификатты ФНС арқылы алу;
  • Осы сертификатты қазақстандық жұмыс берушіге тапсырып, бұрын ұсталған салықты қайтаруды сұрау.