Мәскеу соты Юрий Дудьке сырттай қамауға алу үкімін шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәскеудің Басман соты журналист және блогер Юрий Дудьті сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Танымал ресейлік блогер Ресей Федерациясының "шетел агенттері туралы" заңнамасында көзделген міндеттерден жалтарды деп айыпталып отыр.
– Мәскеу қаласының Басман аудандық сотының қаулысымен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 330.1-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған Юрий Александрович Дудьке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу тағайындалды. Үкім экстрадицияланған күннен бастап немесе Ресей аумағында ұсталған сәттен бастап екі ай мерзімге күшіне енеді, – деп хабарлады сот РИА Новости агенттігіне.