Алматыда кран құлап, ер адам мерт болды

Ulysmedia

Оқыс оқиға 23 қаңтар күні таңертең Алматы қаласының Таугүл-1 ықшам ауданында орын алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алматыда қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс алаңында кран құлап, мерт болған 49 жастағы кран жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу қолға алынды.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеліп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша жүргізіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.