Астанада Панфилов көшесінің тағы бір учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Панфилов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан тұйық көшеге дейінгі аралығында жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Осыған байланысты 25 шілде мен 5 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, көліктер үшін қозғалыс екі бағытта бір жақ жолағы арқылы ұйымдастырылады.