Жаңа салық кодексі баспана сатуға қалай әсер етеді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, кей жағдайларда жылжымайтын мүлікті сату кезінде салық мөлшері 10-нан 15%-ға дейін өседі. Сондай-ақ, салық төлеу міндетті болатын шарттар өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҮСІНІКТЕМЕ

Krisha мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ол мүлік сату кезіндегі табысқа салынатын салық бойынша екі негізгі өзгерісті енгізеді:

Меншік мерзімі екі жылға ұзарады. Яғни, салық төлемеу үшін жылжымайтын мүлік кемінде екі жыл иелікте болуы тиіс. Бұрын бұл мерзім бір жыл болатын, енді ол екі есеге ұзартылып отыр.

МАҢЫЗДЫ

Екі жылдық мерзім нормасы тек 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған жылжымайтын мүлікке қатысты қолданылады. Яғни іс жүзінде бұл талап 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 2025 жылдың соңына дейін мүлік сатып алғандар үшін бұрынғы ереже сақталады: егер меншік мерзімі бір жылдан асса — салық төленбейді. 2026 жылға дейін алынған пәтерлерге бұрынғы тәртіп сақталады: иелікте бір жылдан артық болса, салық салынбайды.

Салық мөлшерлемесінің 15%-ға өсуі. Жеке табыс салығының базалық мөлшерлемесі өзгермейді — сату мен сатып алу бағасының айырмасынан алынатын 10%. Алайда, егер табыс 8500 АЕК-тен (шамамен 33,4 млн теңге) асып кетсе, онда сол шекке дейін 10% мөлшерлеме сақталады, ал одан жоғары табысқа — 15% салық салынады.

ЗАҢ

Еске салайық, 18 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды