Бүгін Алматыда ғарышкер және мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Ол 4 тамызда 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Қоштасу Офицерлер үйінде өтіп жатыр. Мұсабаевпен қоштасуға оның туыстары, әріптестері, достары келді. Сондай-ақ, депутаттар, журналистер, белсенділер мен қоғам қайраткерлері бар.
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта әскери қарауыл қойылған. Олар марқұмды шығарып салу рәсімінде Талғат Мұсабаевтың рухына соңғы рет құрмет көрсетеді.
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров көңіл айтып, Талғат Мұсабаевтың көзі тірісінде атқарған қызметтері туралы айтты.
Талғат Мұсабаевты Алматыдағы Кеңсай-2 қорымына жерлейді.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттінің төрағасы, президент кеңесшісі, парламент сенатының депутаты болып қызмет атқарды.