"Оларға жасалған қысым әсер етіп жатыр": Зеленский мен Трамп телефонмен сөйлесті

Ulysmedia
Фото:apa.az

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті. Бұл жолғы тілдесу Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапарынан кейін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай.

«Біздің әріптестерімізбен бірге ұстанған ұстанымыз айқын. Ол – соғысты тоқтату. Соғыс әділдік шеңберінде тоқтауы тиіс. Тілдесуге еуропа көшбасшылары да қатысты. Қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамын. Біз Мәскеуде айтылған мәселелерді талқыладық», – деді Зеленский видео үндеуінде.

Зеленскийдің сөзінше, Мәскеуде айтылған мәлімдемелерге қарағанда, Ресей атысты тоқтатуға ниетті.

«Оларға жасалған қысым әсер етіп жатыр. Ең бастысы олар бізді алдап соқпаса болды. Бізді де, АҚШ-ты да», – деді ол.

6 тамызда Мәскеуде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескен. Әзірге олардың неге уағдаласқаны белгісіз. Бірақ ақпарат құралдары Трамп Путин және Зеленскиймен алдағы аптада кездесуі мүмкін екенін жазып жатыр.

Бұл жолғы сапар Стив Уиткофф Мәскеуге жасаған бесінші сапары.