Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан ұшаққа әскери соққы жасалғанын ішінара мойындайды

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жыл соңына дейін Ақтаудағы ұшақ апатының себебі анықталатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Оның сөзінше, жарылыс-техникалық сараптамасы ұшаққа қалай зақым келгенін анықтауы керек. Ол өз сөзінде бұл мәселені «саясиландырғысы келмейтінін» айтты.

Айтуынша, қазір ұшақ бөлшектерін сараптау, құжаттарды зерттеу жалғасып жатыр. Олардың нәтижесі дайын болғаннан кейін бірнеше айдан соң ұшақ апатына қатысты түпкілікті есеп дайындалмақ.

— AZAL ұшағына қатысты сұрақты мен саясиландырғым келмейді. Ол қандай жағдайда зақымданды? Бұл сұраққа техникалық сараптама жауап беруі керек. Менің білуімше, ұшақтың фюзеляжынан табылған зақымдаушы элементтерге ұқсас қару-жарақ бар елдерге сұраныстар жолданған, — деді ол.

Контекст

2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 29 адам тірі қалған.