"Пара алды" деп ұсталған Абләлиев көлік министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Ulysmedia
Фото:gov.kz

Сәтжан Абләлиев көлік министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

4 тамызда ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «пара алды» деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен ҚР Көлік вице-министрі қамауға алынғанын хабарлаған. Бірқатар телеграм-арналар Абләлиев «78 мың доллар көлемінде пара алды» деген күдікке ілінгенін жазған еді. Әзірге шенеуніктің адвокаттары іске қатысты мәлімдеме жасамады.

Сәтжан Абләлиев

Сәтжан Абләлиев 2023 жылдың қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарады. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.