Ресей ядролық зымырандарын сынақтан өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Миддлбери халықаралық зерттеулер институтының қызметкері Джеффри Льюис пен CNA аналитикалық ұйымының қызметкері Декер Эвелит Planet Labs коммерциялық спутниктік компаниясы түсірген суреттерді зерттеп, Ресейдің «Паньково» сынақ алаңында техника мен кемелердің белсенділігін байқаған. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазды.
Агенттіктің Батыс елдерінің қорғаныс саласындағы дереккөздері Ресейдің зымыран сынағына дайындалып жатқанын растаған.
Льюис сынақ осы аптада болуы мүмкін екенін айтады. Сарапшылардың сөзінше, Мәскеу үшін зымыран жасау Дональд Трамп «Алтын күмбез» зымыранға қарсы қалқан жүйесі туралы айтқаннан кейін үлкен маңызға ие болған.