Қазақстан барлық ресурстарға ие бола тұра, сапалы әрі қолжетімді ет тапшылығын бастан кешіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, елімізде 185 млн гектар жайылым бар. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Бразилиямен бірге әлемде бесінші орында. Бірақ Бразилия – ет экспортында №1 ел, ал Қазақстан артта қалып отыр.
- Бізде мал бағуға жайылым бар, қыстағы жем-шөпке қажет артық бидай мен дәнді дақылдар да жеткілікті. Яғни, Қазақстан ірі қара мен қой етін өндіруде әлемнің топ-5 еліне кіруге қабілетті. Бірақ ұзақ мерзімді стратегия жоқ. 2000-жылдары мұнай ақшасына арқа сүйеп, азық-түлік қауіпсіздігін ойламадық. Пандемия кезінде логистика тоқтағанда мәселе өткір сезілді, – деді ол FinanceKaz-ға берген сұқбатында.
КОНТЕКСТ
Шілде айының басында елде 8,8 млн бас ірі қара тіркелді. Сүйегімен бірге еттің бағасы бір айда – 1,8%-ға, жылдық есепте – 19%-ға өскен.