Қазақстанда қытайлық жұмысшылар көбейген

Сырым Қаржас
gov.kz

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Олардың ішінде 549 адам – басшылық лауазымдар мен орынбасарлық қызметтерде (бірінші санат), 2 258 – бөлімше басшылары (екінші санат). Шетелдік жұмыс күшінің ең үлкен бөлігі мамандарға (3 786 адам) және білікті жұмысшыларға (904) тиесілі. Бұдан бөлек, 2 889 мигрант маусымдық жұмыстарға тартылған, ал 3 744 адам корпоративтік ауысым аясында келген. Бүгінде Қазақстанда шетелдіктердің еңбегін пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Сол компанияларда 348 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 96%-ын құрайды.

Қай салада жұмыс істейді

Қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмысшылар көбіне құрылыс саласында (4 949 адам), ауыл, орман және балық шаруашылығында (2 930), кен өндіру және карьерлерді игеру ісінде (1 369), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (1 210) еңбек етеді.

Қай елдерден келген

Негізгі еңбек мигранттары келетін елдер: Қытай (5 120 адам), Өзбекстан (2 478), Түркия (1 042) және Үндістан (1 031).