Қазақстандық азамат ресейлік "Форт Верный" компаниясының үлескері атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Интерфакс мәліметінше, Александр Нестерцов "Форт Верный" ЖШС-нің жаңа үлескері атанды. Компания Новгород және Томск облыстарында металл ұнтақтарын, арнайы бояулар мен олардың құрамдас бөліктерін өндіру жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Компания иелерінің құрылымына өзгерістер 25 тамызда енгізілді. Қазақстан азаматы Нестерцов компанияның жарғылық капиталындағы 30% үлесін иеленді.
Компанияның бас директоры Владислав Дюдиннің үлесі 50%-дан 30%-ға дейін азайды, ал ЖШС-нің тағы бір қатысушысы Дмитрий Мотиннің үлесі 50%-дан 40%-ға қысқарды. Бұған дейін компания Дюдин мен Мотинге тең үлеспен тиесілі болған еді.
"Форт Верный" Новгород арнайы экономикалық аймағында металл ұнтақтары, арнайы бояулар және олардың құрамдас бөліктерін өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның жарияланған инвестиция көлемі 410 млн рубль. Биыл сәуірде "Форт Верный" компаниясы Мәскеуден Новгород облысына қайта тіркеу рәсімін аяқтады.