Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты

Ulysmedia
Фото: Qazafi/Xinhua/dpa/picture alliance

Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты. Бұл жөнінде 1 қыркүйекте Ауғанстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 31 тамызда Пәкістанмен шекаралас Нанганхар провинциясындағы Джалалабад елді мекенінің солтүстік-шығысында 27 шақырым жерде 6 баллдық жер сілкінісі тіркелген.

Зілзала эпицентріне жақын орналасқан Құнар ауылы толықтай қираған. Аймақта байланыс үзіліп, салдарынан құтқару жұмыстарын жүргізу қиындаған.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі аймаққа арнайы жасақ жіберген. Құтқару жұмыстарын жүргізуге таулы аймақтың табиғат жағдайы қиындық туғызуда. Үйінді астында балалар мен егде жастағы адамдарды қалған. Джалалабад маңында 300 мыңнан астам адам тұрады.