"Қажеттілігі жоқ" - депутат Конституцияны өзгерту туралы

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Елнұр Бейсенбаев былтырғы жолдаудың қаншалық орындалғанын айта алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

“Былтырғы жолдау қанша пайыз орындалды деп ойлайсыз?”. деп сұрады тілші. 

ЖАУАП

Бейсенбаев қанша пайыз орындалғанын айта алмайтынын жеткізді. 

- Ол туралы ақпарат нақты менде жоқ. Біздің фракцияға үкімет басшысы жолдаудың орындалуы бойынша нақты есебін берді. Біршама мәселе орындалды. Конституциялық реформалар енгізілді. Ауыл әкімдері 100 пайыз сайланатын болды. Биыл аудан әкімдері сайланатын болады. Инфрақұрылымға келер болсақ, 1,2 миллионнан астам оқушыға жаңа мектептер ашылды. Негізгі жолдардың құрылысы аяқталды, дейді депутат. 

ТАЛҒАРДАҒЫ РЕФОРМА

Сонымен қатар, Елнұр Бейсенбаев Талғарға реформа өткізуге қатысты ойын айтты. 

-  Ол – қылмыс. Тергеу керек. Тергеу нәтижесін күтуіміз керек, дейді ол. 

КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖАҢАРТУ

- Менің ойымша, ол депутаттардың жеке пікірі. Конституцияға өзгерістер еншізуге қатысты шешімді тек мемлекет басшысы немесе парламенттің бірлескен отырысында ғана қабылданада. Басқаша ешқандай негіз жоқ. Қазір конституцияны өзгертудің қажеттілігі жоқ. Меніңше, бізде біршама негізгі өзгерістер жасалды, дейді депутат.