Қостанай облысы әкімдігі 2025 жылы облыстық футбол командасын республикалық жарыстарға дайындау және қатыстыру үшін 503,25 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды. Тапсырыс беруші ретінде Қостанай облысы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетілген.
Қаражат қайда жұмсалады?
Лот сипаттамасына сәйкес, қаржы спорт клубтарының қызметіне бағытталады. Атап айтқанда, ол команданы дайындау және Қазақстан футбол федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес турнирлерге қатысуын қамтамасыз етуге жұмсалмақ.