Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын зерттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЭСКПОРТ
Экспорт көлемінің төмендеуі мұнай мен метал бағасының құлдырауына және ҚХР тарапынан сұраныстың азаюына байланысты. Әсіресе металлургияға ауыр соққы тиді: метал сатып алу табиғи өлшемде 4%-ға төмендеген. Дегенмен, мал және өсімдік өнімдерінің экспорты (+164 млн доллар) және көлік құралдарының экспорты (+160 млн доллар) өсті.
ИМПОРТ
Импорттағы негізгі өсім көлік құралдарына (+1,2 млрд доллар), металдарға (+279 млн доллар) және химия өнімдеріне (+231 млн доллар) тиесілі болды. Сонымен қатар азық-түлік, жиһаз, құрылыс материалдары және тұтыну тауарларының жеткізілімі артты. Қытайлық автомобильдердің орташа бағасы 14%-ға төмендеді. Ал аяқ киім мен тоқыма бұйымдарының импорты қысқарды — сарапшылар мұны басқа елдерден жеткізудің ішінара алмастырылуымен және жергілікті өндірістің артуымен байланыстырады.
ВАЛЮТА
Юаньның рөлі өсіп келеді, әсіресе өңдеуші өнеркәсіпте, кен өндіруде және саудада. Жылдың бірінші жартысында KASE-де CNY/KZT валюталық жұбы бойынша сауда көлемі 93%-ға артқан. Компаниялар транзакциялық шығындарды азайту және ҚХР-мен интеграцияның күшеюіне бейімделу үшін юаньға көшіп жатыр.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қытаймен сауда тапшылығы 1,8 млрд долларды құрады (2024 жылдың бүкіл қорытындысында – 0,4 млрд доллар). Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі ретіндегі позициясын күшейтіп, елдің жалпы сыртқы сауда айналымының 22%-дан астамын иеленіп отыр. Дегенмен Қазақстан шикізатқа бағытталған экспорт пен Қытай сұранысына тәуелділік салдарынан әлі де осал күйде қалып отыр.