Әскери сарапшы: Ресей Қазақстанды НАТО-мен қақтығысқа тартуы мүмкін

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Әскери сарапшы Қазақстанның ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйым аясындағы міндеттемелері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Подполковник Даулет Жұмабеков ҰҚШҰ шеңберіндегі келісімдерге назар аударды. Оның сөзінше, егер НАТО-ға мүше мемлекеттердің бірі немесе өзге елдер Ресейге шабуыл жасаса, Мәскеу одақтастарынан көмек сұрауға құқылы.

– Егер, мысалы, НАТО елдері немесе тағы басқа мемлекеттер Ресейге тікелей шабуыл жасайтын болса, онда ол біздің ҰҚШҰ-ға кіретін мемлекеттерден көмек сұрай алады. Бұл жағдайда келісімшарт бойынша біз, әрине, көмектесуге тиіспіз. Дегенмен, қазіргі таңда халықаралық келісімдер ешбір сақталмай жатқанын да көріп отырмыз, – деп өз пікірін Airan-ға берген сұқбатында бөлісті Жұмабеков.