Қазақстан қытай тауарларына 20 млрд долларға жуық қаржы жұмсаған

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстанда Қытайға экспортталатын өнімдердің саны өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАУАР АЙНАЛЫМЫ

Биыл жылдың алғашқы 8 айында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға өсіп, 30,68 млрд доллар болған. Бұл деректі ҚХР-дың бас кеден басқармасы жариялады.

ИМПОРТ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ

Статистикаға сүйенсек, есепті кезеңде Қазақстанға жеткізілген қытайлық тауарлардың көлемі 6,9%-ға өсіп, 19,4 млрд долларға жеткен. Сонымен бірге Қытайға экспортталған қазақстандық өнімдер көлемі 11,28 млрд доллар болған, өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артқан.

САЛЫСТЫРУ

ҚХР бас кеден басқармасының мәліметінше, 2024 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 43,82 млрд доллар болған.