Қазақстаннан 8,5 млрд теңгеден астам ақша жымқырған адам Ресейде жүрген

Сырым Қаржас
Фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның сұрау салуы бойынша Ресей Федерациясынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды.

Тергеу барысында аталған тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.