Ресейлік саясаттанушы Алексей Ярошенко пікірінше, Қазақстан Мәскеу мен Киевті қатар қолдай алмайды. Оның сөзінше, бұл мәселе төңірегінде «жартылай ұстанымға» орын жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Саясаттанушы Алексей Ярошенко мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәлімдемесіне пікір білдірді. RTVI арнасына берген сұқбатында Сарым Қазақстанның сыртқы саяси бағыты мен Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге дайын екенін айтқан еді. Сонымен қатар депутат Астана мен Мәскеудің прагматикалық қарым-қатынасының дамып келе жатқанын да атап өтті.
Ал Ярошенконың айтуынша, Қазақстан бір уақытта Ресейді де, Украинаны да қолдай алмайды.
– Ресей мен Украинаға тең қашықтық сақтауға болмайды. Мұндай ұстанымдағының бәрі іс жүзінде Ресейдің жауына айналады. Бұл жерде ешқандай жартылай ұстаным жоқ. Ресей өз өмір сүруі үшін күресіп жатыр, өйткені Украинаны бізді әлсіретіп, жою құралына айналдырды. Қолдау көрсетіп, бір мезетте әрі құрбанды, әрі оны өлтіретін қаруды жақтауға болмайды, – деді Саяси процестерді сараптамалық сүйемелдеу орталығының басшысы, саясаттанушы Алексей Ярошенко gazetametro.ru сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, аталған Айдос Сарым Ұлы Тұран тақырыбы мифологизацияланып кеткенін, әрі одан Ресей мен Қазақстандағы кейбір тұлғалар пайда көріп отырғанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, Тұран идеясының артында ресейлік саяси технологтар тұр.