Желіде Тұрсынбек Қабатов интимдік қызмет көрсететін жерде ұсталды деген ақпарат тарады

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов интимдік қызмет көрсететін жерде ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желіде Қабатов интим салонда ұсталған деген хабар тараған болатын. 

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

Алайда әзілкештің сөзінше, мұның бәрі жалған ақпарат. 

- “Тұрсынбек массажға барды” дей ме. Сенбеулеріңізді сұраймын. Ешқайда барған жоқпын, ешқайда ұсталған жоқпын. Бұл жалған. Бәлкім біреулер мен концерт берерімнің алдында аяғымды шалып жатқан шығар. Мен 15 күн болды Алматыдамын, ешқандай “Манхэттен” деген жерді білмеймін. Ешқандай дәлелдер жоқ. Өтірік ақпарат тарап жатыр, дейді Қабатов.  

БАЙЛАНЫС

Демалыс күндері Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары салық реформасын қатаң сынға алған болатын. Дәл осы кезде кейбір “инсайдерлік” Telegram-арналар билік назарды басқа жаққа бұру жоспарын дайындап жатқанын хабарлады. Желі қолданушылары Қабатовтың “ұсталуын” халықтың назарын басқа нәрсеге аударумен байланыстырған еді.