Қыс ерте түсті ме: синоптиктер ауа райы болжамын жасады

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» 3 қазанға Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде -2°С үсік күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталуда.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Солтүстік-шығыстан жел соғып, таулы асуларда екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігінде және таулы аймақтарында -1°С үсік күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен батысында, шөлді аймақтарында, сондай-ақ Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Солтүстік пен шығыста -3°С дейін үсік күтіледі. Өңірдің көп бөлігінде өрт қаупі жоғары, кей аумақтарда төтенше деңгейде. Орал қаласында да түнде топырақ бетінде үсік байқалады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Солтүстігі, шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында жағдай аса қауіпті деңгейде сақталады.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен шығыста қар күшейеді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Өскеменде түнде жаңбыр мен қар жауады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ

Түнде жаңбыр мен қар, күндіз де жауын-шашын күтіледі. Тұман, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Семейде түнде және таңертең жаңбыр аралас қар жауады.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең шығыс пен солтүстікте жаңбыр аралас қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар жауады. Жел 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда жел күшейеді.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Оңтүстік пен шығыста жаңбыр, қар жауады. Түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі. Павлодарда да жел екпіні 15–20 м/с болады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар, ал батысында тұман күтіледі. Көкшетауда жауын-шашын түнде және таңертең байқалады. Желдің екпіні күшейеді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Түнде тұман, таулы аймақтарда жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің көп бөлігінде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде. Таразда түнде тұман болады.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең тұман күтіледі.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің батысы мен солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Ақтауда да қауіп сақталады.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең таулы аумақтарда тұман болады. Алакөл маңында жел 15–20 м/с. Солтүстік пен орталықта -1–3°С үсік күтіледі. Талдықорғанда да түнде -1–3°С үсік байқалады.