Аяз, тұман, өрт қаупі - синоптиктер 7 қазанға болжам жасады

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

"Қазгидромет" мәліметінше, 7 қазан күні Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары күйінде қалады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі сақталады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Күндіз облыстың орталығы мен шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Облыста ерекше жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында төтенше өрт қаупі бар. Солтүстік-шығысында — жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында -1...-3°С аяз күтіледі. Таразда түнде топырақ бетінде -2°С аяз байқалады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Шығыстан соққан желдің екпіні, әсіресе таулы асуларда, 15–20 м/с болады. 7–8 қазанда облыстың солтүстігі, оңтүстігі, батысы және шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да өрт қаупі жоғары.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында жоғары, ал солтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда өрт қаупі жоғары деңгейде.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетауда да тұман болады.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстың шығысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -1...-6°С аяз, ал Талдықорғанда түнде -3...-5°С аяз күтіледі.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Түнде таулы аудандарда тұман түседі, сондай-ақ -1...-6°С аяз күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Алматыда және Қонаевта түнде -1...-3°С аяз болады.