Қазақстандық Данна Қарағұсова NS-36 миссиясы аясында ғарышқа ұшты. Экипаж мүшелері Техасқа сәтті қонды. Қарағұсовадан бөлек, экипаж құрамында Джефф Элгин, доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған алтыншы қатысушы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҒАРЫШҚА СУБОРБИТАЛЫҚ ҰШУ 10–12 МИНУТҚА СОЗЫЛДЫ
Ұшу барысында қатысушылар бірнеше минут бойы салмақсыздықты сезініп, ғарыш кеңістігінен Жерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
ҚАЗНЕТТІҢ РЕАКЦИЯСЫ
Қазақстандықтар алғашқы отандасымыздың ғарышқа турист ретінде ұшуын қызу талқылауда. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл қызметтің құнына да назар аударды — шамамен 600 мың доллар.
ҚАРАҒҰСОВА ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Ашық деректерге сүйенсек, Данна Қарағұсова 1984 жылы туған. Ол FMG маркетингтік холдингінің негізін қалаушы. Анасы – Гүлжана Қарағұсова, бұрынғы сенатор, мәжіліс депутаты және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.
Сондай-ақ, Данна Қарағұсова блогер Бейбіт Әлібековтің бұрынғы жары. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.