Қалың киіміңіз дайын ба - синоптиктердің болжамы

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 10 қазан күні елдің 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтауда түнде желдің екпіні 15–18 м/с, өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысында 10–11 қазан күндері түнде 1–6 градус үсік күтіледі. Талдықорғанда да осы күндері түнде 4–6 градус үсік болжанады.

Түркістан облысында 10–11 қазан күндері жел оңтүстік-шығыстан, тау асуларында 15–20 м/с дейін жетеді. Солтүстік, оңтүстік, батыс және шөлді аймақтарда ерекше жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе облысында 10 қазанда облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15–18 м/с болады. Өңірдің оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, ал батысы мен орталығында ерекше жоғары өрт қаупі бар. Ақтөбеде де өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірде ерекше жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да шаңды дауыл және желдің екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында жоғары, ал оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстіктен соққан жел, екпіні 15–20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ерекше жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде ерекше жоғары, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі.Жел солтүстік-шығыстан, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 1–3 градус үсік күтіледі. Өңірдің батысы мен солтүстігінде ерекше жоғары, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.